АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қостанай облысындағы Затобольск елді мекеніне алдағы уақытта "қала" мәртебесін беру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың отырысында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды alau.kz.
Оған себеп аудан орталығының халқы жыл санап артып келеді. Бүгінде мұнда 25 мың адам тұрады, ал Затобольскте тұрғын үй құрылысының қарқыны ұлғайып жатқанын ескерсек, халық саны еселенеді.
"Арқалықта бос тұрған 8 апатты үйді сүруге 106 миллион теңге, Арқалықта рұқсат етілмеген қоқысорындарды жоюға 80 миллион теңге, "Александровка ауылынан Қостанай ауданының Борис-Романовка, Надеждинка, Воскресеновка ауылдарына және Меңдіқара ауданының Боровское, Введенка, Первомайское, Молодежное, Буденовка ауылдарына жоғары қысымды газ құбырын тарту" жобасы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеуге 5 миллион теңге қарастырылды", — деді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Елена Дерий.
"Қазір бізде 4 қала бар: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Арқалық, Жітіқара — аудан. Затобольскте қазір 25 мың адам тұрады, бұл 10 жыл бұрынғы санақ бойынша, бір жылдан кейін жаңа санақ жүргізіледі. Жаңа шағын аудандарда 5 мың пәтер берілмек, яғни 20 мың адам қоныстанады деген сөз. Заречныйда — 10 мың адам. Мен Затобольскке қала мәртебесін беру мәселесін пысықтауға тапсырма бердім", — деп атап өтті А.Мұхамбетов.