АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қазба байлықтардың жаңа кен орындарын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді іздейді деп жазады "Алау" жергілікті басылымы.
Барлығы 28 кен орнын ашу жоспарда бар. Бизнесмендерге молибден, вольфрам, мыс, боксит және жер асты суын шығару ұсынылады. Алайда, "Тобыл" ӘКК мәліметінше, қазір 6 кен орнынан ғана қазба байлық алуға болады, қалған 22 кен орнын әлі зерттеу қажет.
"Қазір де алты жобамыз дайын болып қалды. Басым көпшілігі Еуразиялық топпен бірлесіп жүзеге асырылады. Сонымен бірге, жуық арада Әулиекөл ауданы "Көктал" кен орнындағы бокситті барлау туралы келісімшарттың жасалуын күтіп отырмыз", — деп хабарлады "Тобыл" ӘКК жобаларды құру және басқару департаментінің директоры Әділбек Сұлтанов.
12 жоба бойынша бастапқы құн белгіленді — 129 миллиард теңге. "Тобыл" ӘКК мамандары атап өткендей, жобалар ұзақ мерзімді, сол себепті біраз қаражат салуды талап етеді.