Қоғам

"Піштірілген" ер адам туралы мәліметтің таралуына қатысты тексеріс аяқталды

Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы іс материалдарын таратып жібергендер табылмады
Sputnik

АСТАНА, 2 ақпан— Sputnik. Астанада сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйелдің суретін және жабық сот қаулысын желіде таратып жіберу ісіне сот қызметкерлерінің қатысы жоқ, деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

"Қызметтік тексеріс жүргізілді. Тікелей кінәлі тұлға анықталған жоқ", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге күдіктінің фотокөшіремесі мен жасалған қылмыс туралы қаулының таралып кетуіне сот қызметкерлері кінәлі емес.

Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын сот қаулысының фотосуреті жарияланған болатын. Онда 36 жастағы салон қызметкері қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастағаны жайлы жазылған.  

 Заңгер Олег Чернов Астанада жыныс мүшесі кесілген ер адам туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, суреттер мен істің материалдары әлеуметтік желіге қалай түсуі мүмкін екенін айтты.

 "Айта кеткеніміз жөн, сот қаулысын ешкім оқи алмайды, яғни сот актілерінің банкінде де, "Сот кабинеті" АЖ-де де қаулылар жоқ. Яғни, жоғарыда аталған тұлғалардың бірі ғана сот актісін заңсыз таратуы мүмкін. Бұл әрекетке көптеген себеп табылуы мүмкін, мәселен, өзгелерге ескерту ретінде немесе оқиғаны әжуалау үшін. Ол жағын болжамай-ақ қояйық, одан да құқықтық салдары туралы сөз қозғағанымыз жөн", — деп атап өтті заңгер.