АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Жұма күні Алматыда жер сілкінді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша шамамен 15:20-да тіркелді.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.7. Эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасты. Дүмпу 10 километр тереңдікте болған.
Қаланың өзінде 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілді.
Алматыда қазіргі таңда "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" атты халықаралық форум өтіп жатыр. Іс-шараға ТМД премьер-министрлері қатысуда.