Оқиға

Алматыда ТМД үкімет басшыларының сапары кезінде жер сілкінді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматының келбеті. Архивтегі фото
Алматының келбеті. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкінісі шамамен сағат 15:20-да болған, жер асты дүмпулері қала бойынша сезілді

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Жұма күні Алматыда жер сілкінді.

Сейсмографтың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдан 358 километр қашықтықта жер сілкінді
Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша шамамен 15:20-да тіркелді.  

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.7. Эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасты. Дүмпу 10 километр тереңдікте болған. 

Қаланың өзінде 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілді.  

Алматыда қазіргі таңда "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" атты халықаралық форум өтіп жатыр. Іс-шараға ТМД премьер-министрлері қатысуда.    


Жаңалықтар
0