Спорт

Азия чемпионатында ерлерге әйелдер сайысын көруге тыйым салынды

Әйелдер орамал тағып, бүкіл денені жабатын киім киiп, ерлердiң бәсекелерiн тамашалай алады
Sputnik

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Иранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегi Азия бiрiншiлiгi басталды, деп хабарлады Prosports.kz.  

Еліміз 15 жылда алғаш рет жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының үздік үштігіне кірді
Жарыстың өзіндік ерекшелігі бар. Бiр қызығы ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекелер жеке-жеке өтеді. 

Иранның заңдарына сәйкес әйелдер арасындағы жарыстарға бапкерлiк, төрешiлiк, дәрiгерлiк т.б қызмет атқаруға, жарысты тамашалауға-көруге бiрде-бiр еркек жiберiлмейдi. Әйелдерге ерлердiң бәсекелерiн тамашалауға рұқсат берiлген, бірақ ол үшiн олар бастарына орамал тағып, бүкіл денені жабатын киім киiп жүрулерi керек.