Спорт

Еліміз 15 жылда алғаш рет жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының үздік үштігіне кірді

© AFP 2024 / Dibyangshu SarkarҚазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина (оң жағында)
Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина (оң жағында) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық команданың жетістігіне Азияның бес дүркін чемпионы Виктория Зябкина үлкен үлес қосты

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы жексенбіде аяқталған жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының алғашқы үштігіне кірді. Чемпионат Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтті. 

Азия чемпионаты 7 шілдеде басталып, оның соңына қарай қазақстандық құраманың қоржынында төрт алтын, екі күміс және екі қола болды. Осының арқасында жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. 

Соңғы рет қазақстандық жеңіл атлеттер құрлықтық біріншілікте Шри-Ланкада 2002 жылы өткен Азия чемпионатында үшінші болды, Ол кезде спортшыларымыз 6 атын, 2 күміс және 4 қолаға қол жеткізген болатын. 

Осы Азия чемпионатында қазақстандық құраманың жетістігінде ең үлкен үлесті Викория Зябкина қосты. Ол үш спринтерлік дистанция – 100 және 200 метрге жүгіру және 4х100 метрге эстафетада алтын медаль жеңіп алды. 


Жаңалықтар
0