АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Астана тұрғыны пәтері суық болғандықтан балаларын жетімдер үйіне өткізген, деп хабарлады Елорда Инфо.
Қиындыққа тап болған отбасы Астанадағы Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан үйден пәтер алған. Белгілі болғандай, құрылыс салушылар техникалық қабатты рұқсатсыз пәтерлерге айналдырып, сатып жіберген екен. Алайда 19 тұрғын үйге жылу қоспаған.
"Бір әйел үйі қатты суып кеткендіктен балаларын жетімдер үйіне тапсырды. Ол жерде тұру мүмкін емес. Міне, осындай жағдайға жеткізді",- деді ведомствоаралық комиссияның мүшесі Татьяна Чурсина.
"Біз құрылыс салушы мен мердігерді шақырдық. Мердігер қайта жоспарлағысы келгенін ресми мәлімдеді, алайда заң бұзғанын түсіне отырып, пәтерлер сатылмайтынын айтты. Нысанды аяқтап, заң бұзушылықтарға жол бермейміз деген. Ол жайлы жазылған ресми хаттама да бар. Соған қарамастан, нысан пайдалануға берілген кезде аталған құрылыс салушы өздігінен қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізіп, аумақты сатқан. Қазір бұл заң бұзушылық қылмыстық іс аясында қарастырылып жатыр ", — деп түсіндірді Сергей Хорошун.
Заң бұзушылықтың салдарынан тұрғындар пәтерлеріне құжат ала алмай отыр. Әкімнің бірінші орынбасары жұмыс комиссиясын құрып, бұл проблеманы шешу бойынша өз ұсыныстарына әзірлеуді ұсынды.