Саясат

"Ресей – Қазақстанның ағасы емес": сарапшы еліміздің болашағы жайлы айтты

Аркадий Дубновтың пікірінше, президентті таңдауда Қазақстанның жолы болған
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Ресейлік саясаттанушы Аркадий Дубнов Мәскеуде өткен дөңгелек үстелде Қазақстан тұрақты түрде болашаққа жоспар жасап, оны жүзеге асыра алатын ТМД-дағы жалғыз ел екенін атап өтті.   

Назарбаев: америкалық бизнес өкілдерімен келісімге келдік
"Президентті таңдауда Қазақстанның жолы болды. Ширек ғасыр тәжірибесі мұны дәлелдеп отыр: Назарбаев Қазақстанның қандай ел екенін және онда не істеу керек екенін түсінді", — деді саяси шолушы Аркадий Дубнов. 

Ол Қазақстан тұрақты түрде болашаққа жоспар жасап, оны жүзеге асыра алатын ТМД-дағы жалғыз ел екенін атап өтті. Нәтижесінде мемлекет тұрақтылыққа қол жеткізіп, көптеген жыл бойы оны сақтап келеді.  

Қазақстанның позициясы әрқашан байыпты қабылдана бермейді, деп есептейді саясаттанушы.  

"Ресейде Қазақстанды әлі күнге дейін егеменді, тәуелсіз ел ретінде мойындамайды. Әлі күнге біз ағаның рөлін атқаруға тырысамыз. Қазақстан кеңестік кезеңнің "тар дамбалынан" әлдеқашан шығып кетіп, өз жолымен дамып жатыр ", — деп түйіндеді Дубнов.