Саясат

Назарбаев: америкалық бизнес өкілдерімен келісімге келдік

© AFP 2024 / MANDEL NGANНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы елдің экономикалық дамуы мен аймақтық қауіпсіздіктің нығаюы үшін Қазақстан-АҚШ диалогының маңызды рөл атқаратынын атап өтті

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.

Жиында Қазақстан президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды.

"Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет", – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Америка Құрама Штаттарына ресми сапардың қорытындылары жөніндегі кеңес - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев АҚШ-қа сапары табысты болғанын мәлімдеді

"Біз америкалық бизнес "капитандарымен" нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұлар біздің экономикамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін беретін болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0