Спорт

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Заб Джуданы жекпе-жекке шақырды

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Заб Джудамен жұдырықтасуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Sports.kz

Жүкембаев Сондерс — Лемье жекпе-жегінің андекардында 11-жеңісіне қол жеткізді
Кеше америкалық спортшы мексикалық Ноэль Мейх Ринконды төрешілер шешімімен жеңді. 

Жүкембаевтың мүддесін қорғайтын канадалық Eye of the Tiger M промоутерлік компаниясы Twitter-дегі парақшасында бұл жаңалыққа түсініктеме беріп, қазақстандық боксшымен жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды. 

 "Заб Джуда жеңісіңізбен құттықтаймыз, біз Сізді Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасу үшін  Монреальге шақырамыз", — деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, оның 9-ын нокаутпен аяқтаған.