АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (10-0, 9 КО) Лаваль қаласындағы (Канада) бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлады Sports.kz.
Бірінші жартылай салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жекте ол америкалық Уилберт Лопесті (20-8, 14 КО) ұтты. Төрешілер бірауыздан Жүкембаев жеңді деген шешім шығарды — 80:72, 80:72, 80:72.
Осылайша, Батыр 11-жеңісіне қол жеткізді. Лопес кәсіпқой рингте тоғызыншы рет жеңілді. Бокс кешінің басты жекпе-жегі британиялық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) пен канадалық Давид Лемье (38-3, 33 КО) арасында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, британиялық боксшыда WBO белбеуі бар. Оны Геннадий Головкин (37-0-1,33 КО) иеленсе, орта салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанбақ.