Оқиға

Алматыда "Таугүлдегі" жылу желісін жөндеу жұмысы таңға дейін созылды

Апат салдарын жою процесін басқару үшін коммуналдық қызметкерлер жедел штаб құрған
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласы "Таугүл" шағын ауданында жылу магистраліндегі апатты жою жұмысы түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік баспасөз қызметі.

Алматыда жарылған жылу құбыры жоспарланғаннан кеш жөнделді

Кеше түні бойы "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадалары дүйсенбі күні "Таугүл" шағын ауданындағы жылу магистралінде болған апат салдарын жойды.

Коммуналдық апат салдарын жою процесін жедел басқару үшін "Таугүл" шағын ауданында штаб құрылыпты. 

Дүйсенбі күні таңертең Пятницкий және Сүлейменов көшелері қиылысына жақын жерде жылу магистралі жарылған. Құбырдың бүлінуі салдарынан 130 нысанда жылу мен ыстық су болмай қалды. Бірнеше мектепте оқушыларды үйлеріне қайтарып, балабақша да уақытша жұмысын тоқтатқан.

Сағат үшке қарай жылу беру схемасын жедел өзгерту арқасында осы тұрғын үй массивінің  солтүстік-батыс бөлігіне жылу берілді.