Өңірлер

Сейсенбі күні еліміздің кей облыстарында аяз болады

Синоптиктердің болжауынша, бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Республиканың бүкіл аумағына антициклон әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, еліміздің оңтүстігінде көктайғақ, шығысында төменнен соққан боран болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер: алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман. Жамбыл, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында – кей жерлерде тұман.

Алматы облысында қатты аяз, кей жерлерде өте қатты аяз, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде қатты аяз болады.