Өңірлер

Синоптиктер: алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі

© SputnikҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 30 қаңтар–1 ақпан аралығындағы ауа райына болжам ұсынады

АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер: еліміздің 7 облысында қатты аяз болады

"Қазгидомет" РМК ақпаратынша, суық және күшті антициклон әсерінен республиканың бірқатар облысында демалыс күндері ауа температурасы қалыпты нормадан 8-15°C-қа, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17…22°С-қа төмен болды. Бірақ қатты аяздың беті қайтып, 29 қаңтарда түнде республиканың солтүстігінде сынап бағанасы — 20..27 °С көрсетті. 

"Алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден ығысқан жылы әрі ылғалды ауа массаларының әсерінен температура тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, оңтүстік пен шығыс өңірлерде де көтеріледі", — деп болжады синоптиктер.

Жаңалықтар
0