Өңірлер

Алматыда полиция бомба туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Beeline орталығында бомба қойылғаны туралы хабар түскен соң, кеңсе қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды
Sputnik

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Алматыда полиция Beeline техникалық орталығында қойылған бомба туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

25 жастағы жігіт "Нұрлы Жол" вокзалына бомба қойылғанын хабарлады

"Негізінде Beeline орталығы емес, техникалық кеңсе делінген, бүгін түске дейін бомба бар деп хабарланды, біз ақпаратты құзыретті органдарға тапсырдық. Мамандар келіп, қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығарды, тиісті шаралар атқарды. Бәрі аяқталды, жұмысқа кірісе беріңіздер деп қорытынды шығарды", — деді Beeline компаниясының өкілі Алексей Бендзь.

Техникалық кеңсе Сүйінбай даңғылы бойында орналасқан екен. 

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек атап өткендей, ақпарат бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.