Оқиға

Мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің басына ауыр зақым келген
Sputnik

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Якутияда Сунтар ауданының тұрғыны екінші қабаттың терезесінен 10 айлық сәбиін лақтырып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости.

19 жастағы студент жатақханада босанып, нәрестесін бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Бала өте ауыр халде жатыр. Жергілікті БАҚ ақпаратынша, зардап шеккен сәби – қыз. Ауданға санитарлық авиация рейсімен шұғыл көмек бригадасы келді. Дәрігерлер зардап шеккен баланы Якутск қаласына әкетті. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, сәбидің басына ауыр зақым келген. 

Қыздың әкесі оқиға кезінде мас болған, деп хабарлануда.