Өңірлер

Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Жол апаты салдарынан 1941 жылғы ер адам қаза болды
Sputnik

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы мен Коунрадская көшесінің қиылысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Астанада кеше түнде жол апатынан үш адам қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, болжам бойынша ақ түсті Honda маркалы автокөлік батыс бағытта Райымбек даңғылының бойында келе жатқан. Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен он метрдей жерде ер адам көлік алдынан жүгіріп өтіп болыпты. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жүргіншіні қағып кетті. 

Ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. 

Полицейлер жүргізушіні іздестіріп жатыр.