Өңірлер

Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

© SputnikАлматыда жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан 1941 жылғы ер адам қаза болды

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы мен Коунрадская көшесінің қиылысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Автокөлік доңғалағы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада кеше түнде жол апатынан үш адам қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, болжам бойынша ақ түсті Honda маркалы автокөлік батыс бағытта Райымбек даңғылының бойында келе жатқан. Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен он метрдей жерде ер адам көлік алдынан жүгіріп өтіп болыпты. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жүргіншіні қағып кетті. 

Ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. 

Полицейлер жүргізушіні іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0