АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Әйел тоғыз жасар ұлының денесінен жындарды қуу үшін оның қолын қатты қызған тұмшапешке (духовка) салған, деп жазды ВВС. Портал Нидерландыда мұндай жағдай алғаш рет болғанын хабарлады.
39 жастағы әйелдің адвокаты күдікті мұны әдейі істемегенін, ұлын құтқарамын деп ойлағанын алға тартып, оның еш кінәсі жоқ деп отыр.
"Қатыгездік таныту деп біреудің жанын қасақана ауыртуды айтады. Мына жағдайда мүлде олай емес", — деп мәлімдеді адвокат.
Сотта сондай-ақ әйел ұлының құлағына мақта тығып, оның есту қабілетін нашарлатқаны анықталды.
Портал Нидерландыда мұсылмандардың 80 %-ға жуығы психикалық аурулар жындармен тікелей байланысты деп есептейтінін атап өтіпті.