Әлем

Әйел жындарды қуу үшін ұлының қолын қызып тұрған пешке салған

© PhotoГаз конфоркасы
Газ конфоркасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нидерландыда мұндай жағдай алғаш рет болып отыр

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Әйел тоғыз жасар ұлының денесінен жындарды қуу үшін оның қолын қатты қызған тұмшапешке (духовка) салған, деп жазды ВВС. Портал Нидерландыда мұндай жағдай алғаш рет болғанын хабарлады. 

Әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
13 жастағы қызын пышақтаған ананың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
39 жастағы әйелдің адвокаты күдікті мұны әдейі істемегенін, ұлын құтқарамын деп ойлағанын алға тартып, оның еш кінәсі жоқ деп отыр.  

"Қатыгездік таныту деп біреудің жанын қасақана ауыртуды айтады. Мына жағдайда мүлде олай емес", — деп мәлімдеді адвокат.

Сотта сондай-ақ әйел ұлының құлағына мақта тығып, оның есту қабілетін нашарлатқаны анықталды.  

Портал Нидерландыда мұсылмандардың 80 %-ға жуығы психикалық аурулар жындармен тікелей байланысты деп есептейтінін атап өтіпті.  


Жаңалықтар
0