АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Америкалық миллиардер Джордж Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі" деп атады, деп хабарлады "Астана" арнасы Рейтерске сілтеме жасап.
Оның пікірінше, криптовалюта — "нағыз алыпсатарлықтың өзі". Соңғы кездері биткоинның курсы үнемі құбылумен келеді. Өткен жылы желтоқсанда криптовалюта құны 20 мың доллар болса, қазір 10 мыңға түскен.
"Биткоин — валюта емес. Өйткені валюта деген — тұрақты қаржы құралы. Және оның курсы күн сайын 25% өзгермейді", — дейді қаржыгер Джордж Сорос.
Өзге сарапшылар да бұл пікірді құптайды. Ресей банкирлерінің бірі Андрей Костин биткоинды "болашағы бұлыңғыр валюта" деп атады.