Әлем

Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі" деп атады

© REUTERS / Benoit Tessier/IllustrationБиткоин. Иллюстративті фото
Биткоин. Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Миллиардер бұл туралы халықаралық экономикалық форум өтіп жатқан Давостағы ресми емес кездесуде айтқан

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Америкалық миллиардер Джордж Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі" деп атады, деп хабарлады "Астана" арнасы Рейтерске сілтеме жасап. 

Bitcoin - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Алматы тұрғыны 11 мың долларға "криптовалюта" сатқан
 Оның пікірінше, криптовалюта — "нағыз алыпсатарлықтың өзі". Соңғы кездері биткоинның курсы үнемі құбылумен келеді. Өткен жылы желтоқсанда криптовалюта құны 20 мың доллар болса, қазір 10 мыңға түскен.  

 "Биткоин —  валюта емес. Өйткені валюта деген — тұрақты қаржы құралы. Және оның курсы күн сайын 25% өзгермейді", — дейді қаржыгер Джордж Сорос.  

Өзге сарапшылар да бұл пікірді құптайды. Ресей банкирлерінің бірі Андрей Костин биткоинды "болашағы бұлыңғыр валюта" деп атады.   


Жаңалықтар
0