Саясат

Назарбаев Оңтүстік Корея президентіне көңіл айтты

Оңтүстік Кореяда 40-тан астам науқас ауруханада өртеніп кетті
Sputnik

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Оңтүстік Кореяда 40-тан астам науқас ауруханада өртеніп кетті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мирян қаласының ауруханасындағы өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда 40-тан астам науқас ауруханада өртеніп кетті.