АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Астанада үсік шалған студент қыз №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, қыз сейсенбі күні хирургия бөліміне түскен екен.
"ҚазМЗУ студенті бізге 23 қаңтарда сағат 13.05 кезінде түсті. Екі санының алдыңғы жағын I-II дәрежелі үсік шалыпты. Қажетті медициналық көмек көрсетідді. Кеше үйіне қайтардық", — деп хабарлады дәрігерлер Sputnik Қазақстанға.
Қазір бойжеткен дәкесін алмастыру үшін ауруханаға келіп тұрады екен.
Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде екі аяғы үсіп қалған қыздың суреті тараған болатын. Қолданушылардың айтуынша, бойжеткен қатты аязда жұқа киініп далаға шығыпты.