Қоғам

Дәрігерлер Астанада үсік шалған қыздың хәлі туралы айтып берді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студент қызды I-II дәрежелі үсік шалған

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Астанада үсік шалған студент қыз №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 30-ға тарта адамды үсік шалды

Дәрігерлердің айтуынша, қыз сейсенбі күні хирургия бөліміне түскен екен.

"ҚазМЗУ студенті бізге 23 қаңтарда сағат 13.05 кезінде түсті. Екі санының алдыңғы жағын I-II дәрежелі үсік шалыпты. Қажетті медициналық көмек көрсетідді. Кеше үйіне қайтардық", — деп хабарлады дәрігерлер Sputnik Қазақстанға.

Қазір бойжеткен дәкесін алмастыру үшін ауруханаға келіп тұрады екен.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде екі аяғы үсіп қалған қыздың суреті тараған болатын. Қолданушылардың айтуынша, бойжеткен  қатты аязда жұқа киініп далаға шығыпты.

Жаңалықтар
0