Өңірлер

Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз әскерден қашып кетті

Сарбазды үш күннен бері іздеп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Әскери бөлімшеден өз бетімен кетіп қалған сарбаз үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Шекарада ұйықтап қалған қостанайлық сарбаз сот алдында жауап берді

"21450 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Ж. Бозбанов 21 қаңтарда өз бетімен бөлімшеден кетіп қалған", — делінген хабарламада.

Ведомствода айтылғандай, қазір әскери бөлімшенің жеке құрамы, гвардиялық гарнизонның әскери полиция бөлімшесі жергілікті ішкі істер органдарымен бірігіп іздеу шараларын жүргізуде.

Ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сүйенсек, әскери бөлімше Жамбыл облысында орналасқан.