Өңірлер

Ақтауда оқушы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін көршілерден жауап алды
Sputnik

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Ақтауда жетінші қабаттан құлап кеткен кәмелетке толмаған қыз көз жұмды, деп хабарлайды "Лада".

Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті
Трагедия  23 қаңтар күні кешке болған. Болған оқиға жайлы "жедел жәрдемге" сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғын сағат 19:40-та хабарлаған. Қыз дәрігерлер келгенше көз жұмды.  

Белгілі болғандай, оқушы қыз бұл үйде тұрмаған.  

Ол құлап кеткен жетінші қабаттан полицейлер оның ұялы телефонын тауып алған, соның көмегімен баланың анасына қоңырау шалған.  

Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері үй тұрғындарынан жауап алды.