Қоғам

Еліміздің оңтүстігінде де 30-35 градусқа дейін аяз болады

Бүгіннен бастап еліміздің оңтүстігінде температура 30-35 градусқа дейін төмендейді
Sputnik

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Бүгін антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман басады, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-23 м/с күшейеді, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Маңғыстау, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

24-29 қаңтар аралығында Алматы, Жамбыл облыстарында, 26-29 қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аяз болады, кей жерлерде ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.