Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде күн аяз әрі жауын-шашынсыз болады

Республиканың кей жерлерінде бұрқасын, тұман, солтүстік-батысында төменнен соққан боран болуы ықтимал
Sputnik

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етіп, соның салдарынан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, батыс, солтүстік-батыс пен шығыста ғана аздап қар жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында боран соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысында тұман, көктайғақ.

22 және 26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады, түнде ауа температурасы  —35-40°С.