Оқиға

18-ден 50 жасқа дейін: автобуста әкелі-балалы және ағайындылар өртеніп кетті

Автобустағы өрттен Өзбекстанның төрт облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары қаза болды
Sputnik

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысында автобустағы өрттен қаза тапқан азаматтардың толық тізімін жариялады. 

Министрліктің хабарлауынша, 19 қаңтарда арнайы ұшақ Ақтөбе облысында өртеніп кеткен 52 адамның мәйітін Өзбекстанға жеткізді. 

52 адам қаза болған автобустағы өрттің нақты себебі анықталды

Жарияланған тізімге сенсек, қаза тапқандар Әндіжан, Наманған, Ферғана, Сұрхандария облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары екен. Ең кішісі 18 жаста, ең үлкені 50 жаста болған. 

Автобустағы өрттен ағайындылар – 31 жастағы Хамидолла мен 26 жастағы Хабиболла Мадрахимовтар, сонымен бірге 21 жастағы Абдулбоки және 23 жастағы Турдиали Мухсинжоновтар қаза болды. Сондай-ақ әкелі-балалы 47 жастағы Адхамжон Марифджанов пен 20 жастағы Авазбек  көз жұмған. 

Ақтөбедегі автобус өрті: полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

Еске сала кетсек, бейсенбі 18 қаңтарда сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, барлығы Өзбекстан азаматы. Бес адам — үш қазақстандық және екі өзбекстандық аман қалды. Өрттің негізі себебі отты абайсыз пайдалану болып отыр.