Оқиға

Мирзиёев Қазақстандағы қайғылы оқиғаның неліктен болғанын түсіндірді

Өзбекстанның мемлекет басшысы мойындағандай, елдің билік өкілдері халықты жұмыспен қамтамасыз етуге қауқарсыз
Sputnik

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Қазақстандағы қайғылы оқиғаға елдегі жұмыс тапшылығы себеп болды, деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, деп хабарлады РИА Новости.

Ақтөбедегі автобус өрті: полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

"Қайғылы оқиға көп нәрсенің басын ашты, оның ішінде халық алдында борышты екенімізді көрсетті. Адамдарға дұрыс жағдай жасмағанымыздан, жұрт жұмыс іздеп өзге елдерге кетуге мәжбүр", — дейді Мирзиёев.

Президенттің айтуынша, республикада жұмыс орындарын құру саласындағы мәселелер мен кемшіліктер жойылмағандықтан, осындай төтенше жағдай болды.