АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Шымкентте ұрығын тапсырам деушілер көп. Дегенмен мамандар оларды сүзгіден өткізеді. Көптеген мекемеден медициналық анықтаманы жинап қана қоймай, жоғары оқу орнын тəмəмдап, мамандық бойынша жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлады TVK телеарнасы.
"Қазіргі таңда жас ерекшелігіне қарамаймыз. Бізде 1968 жылғы пациенттер бар. Ең бастысы саматикалық ауруы болмаса болды. Стандартты экода дәріге ақша жұмсаймыз. Ол өзінің табиғи жағдайда өсіп жатқан фалекулдарын алу мақсатында жасалынады. Оған ешқандай препарат кетпейді", — дейді жетекші репродуктолог Зухра Жантаева.
ЭКО жəне табиғи жолмен дүниеге келген балалардың арасында айырмашылық жоқ. Қайта құтыдағы нәресте көп жағдайда ақылды болады дейді мамандар.
"Жасы үлкен, 40-тағы ата-аналар туғандықтан олар ақылды, кішкене ерке болады. Олар тәрбиеге көп көңіл бөледі", — дейді Қазақстандық алғашқы “құтыдағы баланың” авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова.
Бірақ емделушілер бұл əдіс бойынша егіз, ұл немесе қыз балаға жүкті болуға тапсырыс бере алмайды. Бұл адамның қолынан келетін іс емес.
Орталықтағы мамандар емделушінің жатырына баланы салғаннан бастап, 13 аптаға дейін ана мен баланы бақылауда ұстайды. Өйткені жүктілік кезде үш ай мерзімде түсік жиі болады.
Қорыта айтқанда қазіргі таңда ұрығын немесе аналық безін сатып, қалталы болам деушілер қатары артуда. Алайда олардың денсаулығында мүлде кінəрат болмауы керек және сотталмағаны туралы қағазды əкелу керек. Әрі жоғары оқу орнын бітіріп, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Өкініштісі ұрығын сатамын деп ниеттенгендердің басым бөлігі осындай жоғары талаптарға сай келе бермейді.