Оқиға

6-сынып оқушысын қонақ үйге апарып, зорлап тастаған ауыл тұрғыны ұсталды

21 жастағы жігіт оқушы қызды қонақ үйге алдап алып барған
Sputnik

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының полициясы 12 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Жамбыл облысында үш баланың әкесі сегіз жасар қызын зорлады

18 қаңтарда Іле ауданы полициясына Междуреченск ауылының тұрғыны келіп, 12 жасар қызын белгісіз ер адамның зорлағанына арызданған. 

"Жедел іс-шаралар барысында күдікті бірнеше сағат ішінде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды", — деп хабарлады облыстық полиция. 

21 жастағы жігіттің кішкентай қызды ауылдағы қонақ үйлердің бірінде зорлағаны белгілі болды. Қаскөй алдын ала тапсырыс беріп қойған бөлмеге алтыншы сынып оқушысын алдап апарған. 

"Күдікті жігіт жасынан үлкен көрінетін қызбен жыныстық қатынастың өзара келісім бойынша болғанын айтады. Бірақ зардап шегуші тарап мұны жоққа шығарып отыр", — дейді полициядағылар. 

Қазіргі уақытта Іле аудандық полициясы ауыл тұрғынын қамауға алды.