Оқиға

Жамбыл облысында үш баланың әкесі сегіз жасар қызын зорлады

CC0 / acandraja / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш бала тәрбиелеп отырған әке өз қызын зорлап, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Өзінің кішкентай қызын зорлаған Жамбыл облысының тұрғыны 16 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды 

Қылмыс өткен жылдың 12 қыркүйегінде жасалған. Сол кезде сотталушы алкогольді мас күйінде өзінің үйінде 8 жасар, 6 жасар және 1 жасар  балаларымен  бірге болған. Соттың ақпаратына сәйкес, ер адам екі кішкентай баласынан қыдырып келу үшін далаға шығуды талап еткен. Қызымен оңаша үйде қалған сотталушы туған қызымен табиғи түрде жыныстық қатынас жасаған. 

Сот оны кінәлі деп танып, 16 жылғы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұрынғы үкіммен тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосып, кәмелетке толмағандармен байланысты болатын жұмыстармен айналысу құқынан өмір бойына айыра отырып, оған түпкілікті 17 (он жеті) жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу тағайындалды.

Сотталушыға жазасын өтеу орнында алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтар
0