Қоғам

Исекешев 40 градус аязға байланысты тапсырма берді

Елорда әкімі энергетиктерге жылу мен электр энергиясын үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды
Sputnik

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтерге келесі аптада болатын қатты аязға мұқият дайындалуды тапсырды. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. 

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 23-26 қаңтар аралығында елордада күн күрт суытып, ауа температурасы —35-40 градусқа дейін төмендейді.

Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады
"Осыған байланысты барлық қалалық қызметке, әсіресе үздіксіз жылу энергиясымен қамтамасыз ететін энергетиктерге аязды күндерге дайын болу үшін тапсырма бердім. Сондай-ақ, білім басқармасына мектептер және балабақшалармен тиісті шараларды жүргізуді, денсаулық сақтау басқармасы мен ІІД-ге қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын болуды тапсырдым. Қалалық қызметтер барлық тиісті шараны қолға алады", — деп жазды Исекешев. 

Сонымен қатар, әкім қала тұрғындарына, құрылыс, сауда, көлік және басқа да ұйымдарға жүгініп, адамдардың денсаулығы мен өмірін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауды сұрады.