Өңірлер

Алматыда автобус жүргізушісін жолда ұрып кетті

Nissan көлігінің иесі автобус жүргізушісінің жағасынан алып, жағынан ұрып жіберді
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік жолға таласып, жүргізушілер арасында жанжал шықты. Оқиғаның видеосы instagram-да жарияланды.   

Алматыда автобус ағашқа соғылып қалды
Бейнероликтен Nissan көлігінің иесі автобус жүргізушісінің жағасынан алып, жағынан ұрып жібергенін көруге болады. Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік рұқсат етілмеген жерден бұрылмақ болған.

"Автобуспен келе жатыр едік, мына жеңіл көліктің кесірінен жол апатына түсіп қала жаздадық. Ол аздай жанжал шығарды. Әліге дейін қол-аяғым дірілдеп отыр. Неғылған жүргізушілер бұлар?! Автобустарға арналған жол ғой! Ол жерде ешқандай бұрылыс болған жоқ! Ал автобус жүргізушісі өзі әкеле жатқан жолаушыларға жауапты! Біз ұшып түскенде, ол қорқып қалды", — деп жазды ол. 

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар