Өңірлер

Алматыда автобус жүргізушісін жолда ұрып кетті

© Sputnik / Ксения ВоронинаЖолаушылар автобусы, архивтегі сурет
Жолаушылар автобусы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Nissan көлігінің иесі автобус жүргізушісінің жағасынан алып, жағынан ұрып жіберді

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік жолға таласып, жүргізушілер арасында жанжал шықты. Оқиғаның видеосы instagram-да жарияланды.   

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус ағашқа соғылып қалды
Бейнероликтен Nissan көлігінің иесі автобус жүргізушісінің жағасынан алып, жағынан ұрып жібергенін көруге болады. Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік рұқсат етілмеген жерден бұрылмақ болған.

"Автобуспен келе жатыр едік, мына жеңіл көліктің кесірінен жол апатына түсіп қала жаздадық. Ол аздай жанжал шығарды. Әліге дейін қол-аяғым дірілдеп отыр. Неғылған жүргізушілер бұлар?! Автобустарға арналған жол ғой! Ол жерде ешқандай бұрылыс болған жоқ! Ал автобус жүргізушісі өзі әкеле жатқан жолаушыларға жауапты! Біз ұшып түскенде, ол қорқып қалды", — деп жазды ол. 

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар

Жаңалықтар
0