Өңірлер

Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын қайтара алмай жүр

Дүкенде жұмыс істейтін әйелді "Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің өкілдері үгіттеп алып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында тұратын кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін үйіне қайтара алмай зар илеп жүр. Дүкендегі жұмысынан оралмаған қызы хат жазып қалдырыпты. Тіпті немересін де бірге алып кеткен, деп жазды Otyrar.kz

Ақтөбеде теріс діни ағым жетегінде жүргендер қамауға алынды
Пайғамбар жасынан асқан әже жанына жақын адамдарын "Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің өкілдері үгіттеп алып кетті деп отыр.

Көз жасы көл болған ана қазір қара басы қаңыраған үйде жалғыз қалдым деп налиды. Діни бірлестіктен зәбір көрген бұл жалғыз адам емес дейді тұрғындар.

Барно Юлдашева, Ақсу ауылының тұрғыны: 

"7 жыл болды кеткеніне. Бір келген еді. Үйге қайтып орал дегенімде, "қайта алмаймын ол мүмкін емес. Бұл менің еркімде емес" деді".