Өңірлер

Ақмола облысында қатты боранда малшы үсіп өлді

Ер адам боран кезінде мал бағуға шығып, жоғалып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында ақтүтек боранда малшы жоғалып кетіп, үйінен бірнеше шақырым жерде үсіп қаза тапты, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Петропавлда бағдарлы автобуста әйел адам көз жұмды

Ерейментау ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғын 11 қаңтарда мал  жаюға шығып, жоғалып кеткен. Оны бүкіл ауылдасы, құқық қорғау органдары, жедел әрекет ету қызметтері жабылып іздепті.

"17 қаңтарда Новокаменка ауылынан бес шақырым жерде жоғалған жігіттің денесі табылды", — деп хабарлады ТЖД.

ІІД баспасөз қызметі атап өткендей, ер адам үсіп қалған екен, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.