АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Петропавлдағы бағдарлы автобус ішінде әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері хабарлағандай, әйел адам сәрсенбі күні №27 бағдарлы автобуста болған.
"Жағдайы күрт нашарлап кетті, жүргізуші бірден ауруханаға алып барғанымен, шамамен 40-тардағы әйелді құтқаруға мүмкіндік болмады", — дейді оқиға куәгерлері.
Әйел адамның құжаттары болмағандықтан, кім екені бірден анықталмаған.
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.
"Әйелдің кім екені сол күні анықталып, туған-туыстарына хабар берілді", — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.