Қоғам

Алматыда полицейді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шығарылды

Сотталушы Рахымжан Есенбаев 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, көлік жүргізуіне 5 жылға тыйым салынды
Sputnik

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. №2 Жетісу аудандық сотында Алматы-Қапшағай тас жолында қаза тапқан полицейдің ісіне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Атырау облысында полицей екі адамды қағып кетті

Алматы ішкі істер департаменті жедел әрекет ету жасағының аға инспекторы, полиция капитаны Жандос Нұрғазиев Алматы-Қапшағай жолының үшінші километрінде орналасқан полиция стационарлық постында қызметте болған. Кешкі бес кезінде "МАЗ-642208" көлігі оны қағып кетіп, полицей алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмады.

Сот үкімі бойынша, сотталушы Рахымжан Есенбаев екі жарым жылға бас бостандығынан айырылып, көлік жүргізуіне 5 жылға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, материалдық шығын ретінде 3,1 миллион теңге, адвокат қызметі үшін 340 мың теңге және моральдық шығын ретінде марқұмның отбасына 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.