Оқиға

Қарағанды облысының тұрғыны анасы мен әжесін өлтіріп, өртеп жіберген

Қарағанды облысында ер адам анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді
Sputnik

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Сот анасы мен әжесін өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адамды тұтқындауға санкция берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Абай аудандық сотының баспасөз қызметі.  

Алматы облысының тұрғыны өзін және екі баласын өртеп жіберді
Соттың мәліметінше, күдіктіге екі ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану санцияланды.     

"Ол аса ауыр қылмыс жасады – анасы мен әжесін өлтіріп, олардың мәйітін өртеп жіберді деген күдікке ілінуіне және тұрғылықты жерінен жағымсыз мінездеме алынуына  байланысты бұлтартпау шарасы таңдалды", — деп хабарлады сот.

Сонымен қатар сот қызметкерлері ер адам қылмысты мас күйінде жасауы мүмкін екендігін атап өтті.