АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы реванштан не күтетінін айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Оның пікірінше, "Канело" мүлде басқа жекпе-жек көрсетіп, екеуі де кеудеге үздік соққыларын жасауы мүмкін.
"Альварес денеге жақсы соққы жасай алады деп есептеймін, алайда ол үшін қарсыласты жақын ұстауы тиіс. Қай-қайсы да бір соққымен жекпе-жекті аяқтауы мүмкін. "Канело" да жақсы панчер. Головкин ешқашан құламаған және жойқын соққы өткізбеген, бірақ кім біледі? Егер иектен ұратын болса, кез келген боксшыны есінен тандыруға болады", — деп түйіндеді.
Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванш 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.