Спорт

Абель Санчес: Реваншта "Канело" Головкинді құлатуы мүмкін

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің бапкері егер иектен ұратын болса, кез келген боксшыны есінен тандыруға болатынын айтты

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы реванштан не күтетінін айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин-Альварес реваншы: "Канело" келісімшарттың талабымен келісті
"Алғашқы жекпе-жекте „Канелоның“ Головкинді тықсырып, дәл соққылар жасаған кездері болды. Алайда, меніңше, оның ойында мұны 12 раунд бойы жасай аламын ба деген сұрақ болды. Егер ол осылай жиі шабуылдаса, екінші жекпе-жек қызықтырақ болады, өйткені боксшылар соққы алмасады", — деді Санчес Yahoo! Sports-қа берген сұхбатында.      

Оның пікірінше, "Канело" мүлде басқа жекпе-жек көрсетіп, екеуі де кеудеге үздік соққыларын жасауы мүмкін. 

"Альварес денеге жақсы соққы жасай алады деп есептеймін, алайда ол үшін қарсыласты жақын ұстауы тиіс. Қай-қайсы да бір соққымен жекпе-жекті аяқтауы мүмкін.  "Канело" да жақсы панчер. Головкин ешқашан құламаған және жойқын соққы өткізбеген, бірақ кім біледі? Егер иектен ұратын болса, кез келген боксшыны есінен тандыруға болады", — деп түйіндеді. 

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванш 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.  


Жаңалықтар
0