Спорт

Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді

Макгрегордың бапкері әлеуметтік желіде Головкин туралы болған әңгімені жариялады
Sputnik

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Конор Макгрегордың бапкері Джон Каванаг твиттердегі жеке парақшасында қызық диалогтан үзінді жариялады, деп хабарлайды  Sports.kz

Головкин десе, зәресі ұшатын Мейвезерге аңыз боксшылар үлгі етілді
"Таңғы ас әкелген даяшы: 

— Қайдан боласыз? 

— Ирландиядан. 

— О, керемет. Менің сүйікті боксшымды білесіз бе? GGG!

— Тамаша, бірақ ол Қазақстаннан. 

— Иә, бірақ тұтас Ұлыбритания және барлығы…

— Иә, дегенмен мен ирландиялықпын. 

— Олай болса, асыңыз дәмді болсын".

Айта кетейік, Каванагтың ең танымал шәкірті – UFC чемпионы Конор Макгрегор. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қатысты айтсақ, ол 5 мамырда рингке оралып, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді деп жоспарланып отыр.