Өңірлер

Батыс Қазақстанда ер адам 12 жастағы қызды зорламақ болған

Ер адам жасөспірімге зорлық-зомбылық көрсетіп, телефонын ұрлап кетті
Sputnik

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы полициясы жасөспірім қызды зорламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Уральская неделя".

Батыс Қазақстанда төртінші сынып оқушысын зорлап кетті

Бағыттамаға сәйкес, оқиға Шыңғырлау ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 10 қаңтарда кешкісін 35-40 шамасындағы, бойы 170-175 см ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорламақ болады. Жасөспірімге зорлық-зомбылық көрсетіп, ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. БАҚ мәліметінше, полиция қылмыс болған жерді қоршап, жан-жақты іздеуді бастаған.

13 қаңтарда күдікті ұсталыпты. Ол Шыңғырлау ауданының тұрғыны екен, бұрын сотталған, жұмыссыз азамат.