АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы полициясы жасөспірім қызды зорламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Уральская неделя".
Бағыттамаға сәйкес, оқиға Шыңғырлау ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 10 қаңтарда кешкісін 35-40 шамасындағы, бойы 170-175 см ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорламақ болады. Жасөспірімге зорлық-зомбылық көрсетіп, ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. БАҚ мәліметінше, полиция қылмыс болған жерді қоршап, жан-жақты іздеуді бастаған.
13 қаңтарда күдікті ұсталыпты. Ол Шыңғырлау ауданының тұрғыны екен, бұрын сотталған, жұмыссыз азамат.