Экономика

Қазақстандықтарды қандай проблемалар мазалайды?

Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының блиц-сауалнамасына 1600 респондент қатысты
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. "Нұр Отан" партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы 2017 жылы Қазақстан халқын мазалаған үш басты проблеманы атады.

Назарбаев мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға өсетінін айтты
"Қазақстан халқын мазалайтын мәселелердің үштігіне материалдық проблемалар, табыстың төмендігі және коммуналдық қызметтің жоғары тарифтері кіріп отыр. Тұрғындардың 67,9 %-ы азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың қымбаттауына алаңдаса, 30%-ы жалақының төмендігіне көңілі толмайды. Ал қазақстандықтардың 26,5%-ының коммуналдық қызмет тарифтеріне шағымданды", — деді орталық директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Юлия Кучинская ОКҚ-де өткен брифингте. 

Орталық жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2017 жылы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жалпы алғанда "жақсы" деген бағаға ие болған.  Респонденттердің 86,2%-ның көңіл-күйі жақсы болса, 9%-ы біраз алаңдаушылық, тек 2,9%-ы қорқыныш пен үрей сезінген. 

Бозымбаев бензин бағасы неге байланысты болатынын айтты
"Өткен жылдың соңғы тоқсанында халықтың көңіл-күйіне елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің өтуі мен Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік күні мерекелері көп әсер етті. 

"Нұр Отан" партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы жүргізген блиц-сауалнамаға 1600 респондент қатысты. Сауалнама барлық өңір, елді мекенді қамтиды, оған 18 жастан азаматтар қатысады.