Оқиға

Теңізде мұнайшылар жатақханасы өртеніп кетті

Әртүрлі жарақат алған екі зардап шегуші ауруханаға жатқызылды
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар  — Sputnik. Атырау облысында Теңіз вахталық қалашығында мұнайшылар жатақханасы өртеніп кетті.

Талдықорғанда ірі сауда үйі өртеніп жатыр – видео

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 14 қаңтарда 12.03 кезінде екі қабатты жатақхананың бірінші қабатында шыққан. Жатақхана "Интеграл Күлсары" компаниясына тиесілі.

Бастапқы мәлімет бойынша, өрттің себебі – электр сымындағы қысқаша тұйықталу. Өрт 12.50-де ауыздықталып, 16.50-де толығымен сөндірілді.

Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі мәлімет бергендей, өрт салдарынан екі жұмысшы зардап шегіпті, олар ғимараттың екінші қабатынан секіріп, өрттен аман қалғысы келген. Екеуі әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.